Четверг, 30 Октября 2025

АУЫЛ АМАНАТЫ - ЕЛ АМАНАТЫ

АУЫЛ АМАНАТЫ - ЕЛ АМАНАТЫ

2023 жылдың сәуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. «Ауыл аманаты» жобасының  мақсаты – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.
Бүгін AMANAT партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен   «Ауыл аманаты» жобасы жайлы кезекті түсіндіру жұмыстары Іле ауданының Өтеген батыр ауылдық округтерінде  өтті. Жиынға AMANAT партиясы Іле аудандық филиалы төрағасы Алмасбек Сатибаев,  Алматы облысы ауылшаруашылығы басқармасының экономика жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы Алмасхан Советхан, Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің менеджері Шерхан Ибадуллаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде толығырақ ақпараттар айтылып, кеңестер берілді.
АМАNАТ партиясы аудандық филиалының төрағасы ретінде партияның сайлауалды бағдарламасы туралы, партияның Жол картасы туралы деректер бере отырып, халықты рухани байытуға бағытталған  «Кітап- Аманат» жобасы туралы,  партияның басқа да жобаларының бағыт-бағдарына тоқталып, халықтың ақпараттық, құқықтық, діни сауаттылықтың төмендігінің себептері мен салдары туралы пікірін  айтты. Ардагерлер, аналар, әкелер кеңесінің жұмысын үйлестіру жұмыстарын жандандыру керектігіне және де мектептердегі ашылып отырған " Ата - аналар орталықтары" жұмысымен бірге жүйелеу туралы ұсыныстарды білдірді. Жалпы ұрпақ тәрбиелеу үшін бірінші ата- ананың, отбасының тәрбиесін жолға қою қажеттігін, рухани  құндылықтарымызды ұрпақ тәрбиесіне сіңіру бағытында бірлескен жұмыстардың арқасында қоғамдағы тәрбиеге байланысты  кейбір келеңсіз көріністердің орын алмауына ықпал етуге болатынын жеткізді. 
Кездесуге  қатысқан халық рухани демалып, рухани азық алып, сонымен бірге қоғамдағы  мәселелерді көтере отырып, өз аманаттарын жеткізіп, оның маңыздылығына мән беріп, еркін пікірлесіп қайтты.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

Уборка риса - в самом разгаре

Уборка риса - в самом разгаре

В эти дни на полях товарищества с ограниченной отв...

  29.10.2025   152
Земля любит настойчивых

Земля любит настойчивых

В Талгарском районе яблони занимают особое место....

  28.10.2025   266
Льготный сезон начинается раньше

Льготный сезон начинается раньше

Программа «Кең дала 2», запущенная в начале октябр...

  24.10.2025   303
Осенний чек-лист садоводов

Осенний чек-лист садоводов

Октябрь - важный месяц для садоводов, время заверш...

  24.10.2025   265
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.