Четверг, 10 Сентября 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады»

«Қаланы дамытудың орнықты моделін құру. Жобаны жүзеге асыру айтарлықтай күрделі және операциялық шығындарды қажет етеді. Бұл орайда тұрақты, болжамды кіріс базасын қалыптастырған жөн. Қазіргі қаржылық-экономикалық моделдің келешек шығындарды жаба алмай қалу қаупі де бар.

Инвестиция ағыны мен бизнесті дамытуға баса мән беріп отырмыз. Дегенмен бұл – кепілдік берілген табыс көзі емес, бар болғаны болжам мен үміт қана.

Бұдан бөлек, бастапқы кезеңде көзделген жеңілдіктер салық түсімдерінің азаюына әкеледі. Бұл құрылымдық алшақтыққа ұрындыруы мүмкін. Өйткені қаланы қамтамасыз ету мен дамытуға қаражат қажет кезде түсімдер кешігуі немесе бастапқыда төмен болуы ықтимал.

Сондықтан Алатауды дамыту жөніндегі кеңес қала әкімшілігімен бірге ұзақмерзімді орнықты дамудың тиімді қаржы-экономикалық үлгісін әзірлеуі керек. Сонымен бірге қаланы стратегиялық жоспарлауға негіз болатын құжаттарды бекіткен жөн. Инвесторлар мен серіктестер, азаматтар 10, 20 немесе 30 жылдан кейін Алатау қаласының қандай болатынын түсінуі қажет.

Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы.

Келесі жылы қаланы дамытуға белсене кірісу үшін стратегиялық құжаттардың барлығын (Ұзақмерзімді жоспар, Кешенді бағдарлама және Даму стратегиясы) жыл соңына дейін қабылдау керек.

Мұндай ірі және ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда процесті жедел, қарқынды және ең әуелі сәтімен бастау өте маңызды. Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер».

Другие новости

Реализация Послания Президента: в Казахстане число ТЭЦ в «красной зоне» сократилось в 4 раза

Реализация Послания Президента: в Казахстане число ТЭЦ в «красной зоне» сократилось в 4 раза

В рамках исполнения поручений Главы государства Ка...

  09.09.2026   207
Полный текст интервью президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева агентству Синьхуа

Полный текст интервью президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева агентству Синьхуа

Пекин/Бишкек, 9 сентября /Синьхуа/ -- Президент Ре...

  09.09.2026   146
Тхонглун Сисулит выразил благодарность Касым-Жомарту Токаеву за приглашение посетить дружественный Казахстан

Тхонглун Сисулит выразил благодарность Касым-Жомарту Токаеву за приглашение посетить дружественный Казахстан

– Во время этого визита я своими глазами cмог увид...

  03.09.2026   389
Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Президент мырза, сапар кезінде еліңіздің жан-жақ...

  03.09.2026   371
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.