Среда, 21 Октября 2026

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Туба Алан Өзденфедакармен кездесті. Жүздесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру барысы талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Түркия мен Алматы облысы арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті. Қазіргі таңда өңірде түрік капиталының қатысуымен құрылған 147 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар облыста қос тарап бірлесіп құрған 31 кәсіпорын қызмет атқарады. Олар құрылыс материалдары, сүт өнімдері, фармацевтика, пластмасса, кондитерлік өнімдер және сусын өндірісі сияқты салаларды қамтиды.

Кездесу кезінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов екі бауырлас халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи, мәдени және рухани байланыстарына негізделген стратегиялық әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта өңірде түрік капиталының қатысуымен бірқатар табысты инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында өнеркәсіптік өнімдер өндіру және химия өнеркәсібі саласындағы жобалар бар. Біз түрік инвесторларымен бірлескен өндірістер құруға, озық технологиялар тартуға және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамытуға мүдделіміз. Өз тарапымыздан біз инвесторларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетуге және олардың жобаларын іске асыру мәселелерін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыруға дайынбыз», – деді аймақ басшысы.

Шыңғыс Сайранұлының айтуынша, мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту да – маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде еліміздегі түрік этносының төрттен бір бөлігі Алматы облысында тұрады. Өңірде 2005 жылдан бері «Ахыска» түрік этномәдени орталығы жұмыс істейді. Соңғы үш жылда облыстағы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің 50 студенті Түркия еліне барып, тәжірибе жинады. Сондай-ақ 25 өндірістік оқыту шебері тағылымдамадан, 4 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. Биыл Түркияның «Anadolu Turizm Mesleki ve Teknik Anadolu Lisesi» оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Жиын барысында Бас консул Туба Алан Өзденфедакар екі ел арасында достық пен сенімге негізделген стратегиялық серіктестік орнағанын жеткізді.

«Қазақстанда 3800-ден астам түрік кәсіпорны тіркелген, олардың жартысынан астамы Алматы қаласы мен облысында орналасқан. Сондай-ақ түрік құрылыс компаниялары Қазақстанда жалпы құны 30 миллиард долларды құрайтын 500-ден астам жобаны жүзеге асырды. Қазіргі таңда қорғаныс өнеркәсібі, энергетика және авиация саласында да әріптестігіміз қарқынды дамып келеді. Қазақстан – тоғыз жолдың торабында орналасқан логистикалық орталық. Сондықтан кәсіпкерлер мен инвесторлардың басын қосып, өңірге жаңа инвестиция тартып, әкімдікпен бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз», – деді Туба Алан Өзденфедакар.

Кездесу қорытындысында қос тарап екіжақты байланысты әрі қарай жетілдіруге және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге уағдаласты.

Другие новости

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Түркия Респуб...

  21.10.2026   69
Товарооборот между Алматинской областью и Турцией достиг 231 млн долларов

Товарооборот между Алматинской областью и Турцией достиг 231 млн долларов

Аким Алматинской области Чингис Аринов встретился...

  21.10.2026   60
Казахстан и Дания развивают партнерство

Казахстан и Дания развивают партнерство

Новые инвестиционные проекты, развитие промышленно...

  02.10.2026   219
Боралдай запускает новые мощности

Боралдай запускает новые мощности

Производство с мощностью до миллиарда литров напит...

  02.10.2026   219
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.