Суббота, 26 Сентября 2026

СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

2026 жылғы 19 маусым күні студенттік және жастар еңбек жасақтарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды іс-шара «Ауыл» партиясы ұйымдастыруымен онлайн/офлайн форматындағы республикалық телемост ретінде өткізілді. Іс-шара Астана қаласы мен еліміздің 19 өңірін қамтып, оған 3000-ға жуық жас қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — жастарды еңбекке баулу, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ жазғы еңбек маусымының ресми басталуын жариялау.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Ресми бөлімде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы төрағасы Серік Егізбаев сөз сөйлеп, студенттік еңбек жасақтарының ел болашағын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының ардагерлері Zoom платформасы арқылы тікелей байланысқа шығып, жастарға ақ тілектерін жеткізді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек маусымына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, өткен жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік сарбаздар мен белсенді жұмыс берушілер марапатталды. Ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдар табысталды.

«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті а...

  25.09.2026   147
В Казахстане продолжается снижение цен на ряд социально значимых товаров

В Казахстане продолжается снижение цен на ряд социально значимых товаров

По состоянию на 23 сентября 2026 года, за отчетную...

  25.09.2026   138
Голубое топливо – в каждое село

Голубое топливо – в каждое село

В Талгарском районе природным газом обеспечены 42...

  23.09.2026   180
Маршрутами дорожного ремонта

Маршрутами дорожного ремонта

На сегодняшний день общая протяженность автомобиль...

  23.09.2026   165
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.