Понедельник, 09 Февраля 2026

Ұйғыр ауданында “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында 1,2 тонна ағаш тұқымы егілді

Ұйғыр ауданында “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында 1,2 тонна ағаш тұқымы егілді

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бұл науқан өңір халқының белсенді қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Аудан аумағында “Қарадала Орман шаруашылығы” КММ мен Ұйғыр ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасымен 10 шақырымға созылған алқапқа 1,2 тонна қараағаш тұқымы егілді. Бұл көлем 150 қапқа шақ келеді. Мамандардың айтуынша, бір тонна тұқымнан мыңдаған жас көшет өсіп шығып, болашақта толыққанды орман алқабына айналады.

Аталған жұмыс аясында экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында “Таза Қазақстан” логотипі бейнеленіп, егілген аумақ болашақта демалыс саябағына айналмақ. Қазіргі таңда бұл жоба өңір экологиясын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусизованың айтуынша, бұл тек ағаш егу шарасы ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық экологиялық құндылық.

“Экологияны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Біз бүгін табиғатқа салған әр дән арқылы ертеңімізге инвестиция құйып отырмыз. Ұйғыр ауданы үшін бұл – жасыл кеңістікті ұлғайтып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам”, – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде ағаш отырғызумен қатар, су көздерін тазарту, қоқыс полигондарын жою, экотуризмді дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алынған.

Другие новости

Экология под  контролем

Экология под контролем

Несмотря на то, что в области находятся тысячи про...

  28.12.2025   264
Пример для молодежи

Пример для молодежи

Запущенная по инициативе Главы государства масштаб...

  12.12.2025   260
Юные стражи зеленого мира

Юные стражи зеленого мира

Юные лесничие из средней школы №5 получили живой у...

  12.12.2025   267
Расширяется зеленая зона

Расширяется зеленая зона

В селе Улкен Аксу Уйгурского района прошел масштаб...

  08.12.2025   301
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.