Суббота, 28 Марта 2026

Таза бейсенбі: Қапшағай жағалауынан бір күнде 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Таза бейсенбі: Қапшағай жағалауынан бір күнде 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жағалаудан пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, бір реттік мангалдар мен сынған ыдыстар жиналды.

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында жастар мен еріктілер көл жағасын қоқыстан тазартты. Іс-шараға 50-ге жуық адам – партия мүшелері, белсенділер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

«Жастар рухы» белсендісі Әділет Айтқазының айтуынша, демалушылардан қалған қалдықтар жыл сайын жиналып, жағалаудың экологиялық жағдайына зиян тигізуде. Бұл жолы 90-ға жуық қап қоқыс шығарылып, жалпы салмағы 2 тоннадан асты. Олардың ішінде пластик, шіріген тамақ қалдықтары, сынған ыдыстар, бір реттік мангалдар мен құрылыс қоқыстары бар.

«Қапшағай – еліміздің басты туристік аймақтарының бірі. Жыл сайын мұнда 500 мыңнан астам адам демалуға келеді. Бірақ жағажайда пластик пен шыны үйіліп жатса, туристерді қалай тартамыз? Тек өткен аптада ғана ондаған қап қоқыс жинадық. Егер әр демалушы өз қоқысын жинап кетпесе, көлдің экологиясына да, туризмге де қауіп төнеді», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» тек тазалық шарасымен шектелмейді. Жоба жергілікті тұрғындар мен демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының бұл экоакциясы «Таза Қазақстан» ұлттық науқанының бір бөлігі. Биылдың өзінде 242 мыңнан астам адам қатысып, нәтижесінде 7 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, 76 мыңнан аса ағаш отырғызылып, 14 мың килограмм тұқым себілді.

Другие новости

Суға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның үлесі

Суға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның үлесі

28 наурыз күні Шелек ауылында «Суға ұқыпты қарау –...

  27.03.2026   138
Еңбекшіқазақ ауданында 150 түп терек отырғызылды

Еңбекшіқазақ ауданында 150 түп терек отырғызылды

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қараж...

  26.03.2026   206
Сохраним природу для будущих поколений

Сохраним природу для будущих поколений

В рамках декады Наурызнама отмечается День очищени...

  23.03.2026   283
Юные казахстанцы принимают участие в республиканской акции «Мөлдір бұлақ»

Юные казахстанцы принимают участие в республиканской акции «Мөлдір бұлақ»

В Казахстане стартовала экологическая акция «Мөлді...

  23.03.2026   297
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.