Понедельник, 21 Сентября 2026

«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 3 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты

«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 3 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты

6 тамыз күні Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 3001 адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 гектар аумақ тазартылып, 64 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары мен әлеуметтік нысандардың маңайы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов тазалық мәдениетін қалыптастыру әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

– Таза аудан – бір күндік акцияның емес, күнделікті жауапкершіліктің нәтижесі. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғынның қосқан үлесі маңызды. Осындай игі бастамаларға белсенді қатысып жүрген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Бірге еңбек етсек, ауданымызды одан әрі көркейте аламыз, – деді аудан әкімі.

«Таза бейсенбі» акциясы Іле ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Другие новости

Не оставлять после себя - простое правило

Не оставлять после себя - простое правило

Ежедневно тысячи работников коммунальных служб, ор...

  20.09.2026   184
Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Комфортная городская среда состоит не только из но...

  20.09.2026   190
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Сегодня в городе Алатау в рамках программы «Таза Қ...

  19.09.2026   236
«Таза Қазақстан»: в Алматинской области состоялся масштабный субботник с участием 40 тысяч человек

«Таза Қазақстан»: в Алматинской области состоялся масштабный субботник с участием 40 тысяч человек

В Алматинской области в честь Всемирного дня чисто...

  19.09.2026   254
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.