Вторник, 22 Сентября 2026

Бақытжан Ерболқызы: Қаланың тазалығы - бәрімізге ортақ жауапкершілік

Бақытжан Ерболқызы: Қаланың тазалығы - бәрімізге ортақ жауапкершілік

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде табиғатқа қамқорлық жасау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау халықтың өмір салтының ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті.
Шын мәнінде, қаланың тазалығы - бәрімізге ортақ жауапкершілік. Бұл жерде адамның ұлтына, қызметіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамаймыз. Бір адамның тастаған қоқысының өзі ертең қоршаған ортаға, қалаға, тіпті өзіміздің денсаулығымызға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Отанға деген шынайы сүйіспеншілік кішкентай нәрседен - өз үйіңе, ауылыңа, қалаңа қамқорлық жасаудан басталатынын айтқан болатын. Сондықтан әрқайсымыз барған жерімізді таза ұстап, қоқысты шашпай, өзімізден кейін жинап жүруге дағдылануымыз керек. Бұл - күнделікті өмірдегі қарапайым әрекет болғанымен, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. 
Қоқысты жерге тастамау, табиғатты ластамау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау - қарапайым ғана әрекеттер. Бірақ дәл осындай күнделікті әдеттер қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Сондықтан «Таза Қазақстан» тек тазалық акциясы болып қалмауы керек. Ол әр адамның өмір салтына айналуы қажет. Тазалықты сырттан біреу келіп қамтамасыз етпейді - ол әрқайсымыздан басталады. Өзіміз мәдениет қалыптастырып, кейінгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруымыз керек.

Другие новости

Бақытжан Ерболқызы: Қаланың тазалығы - бәрімізге ортақ жауапкершілік

Бақытжан Ерболқызы: Қаланың тазалығы - бәрімізге ортақ жауапкершілік

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» респ...

  22.09.2026   85
Абай Сырлыбаев: «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

Абай Сырлыбаев: «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әр...

  22.09.2026   99
Лаура Каиржанова: «Таза Қазақстан»: чистая страна начинается с ответственности каждого!

Лаура Каиржанова: «Таза Қазақстан»: чистая страна начинается с ответственности каждого!

Экологическая культура - это не только чистые улиц...

  22.09.2026   82
Навести порядок - только половина дела

Навести порядок - только половина дела

Любую территорию можно привести в порядок за опред...

  22.09.2026   88
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.