Среда, 16 Сентября 2026

ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНДА 20 КҮН ІШІНДЕ ЕШҚАНДАЙ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНДА 20 КҮН ІШІНДЕ ЕШҚАНДАЙ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Алматы облысына қарасты Талғар қаласында полиция қызметкерлері айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді – соңғы 20 күнде бірде-бір қылмыс немесе құқықбұзушылық тіркелген жоқ.

Мұндай көрсеткіш құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі әрі мақсатты жұмысының нәтижесі болып табылады. Профилактикалық және рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіліп, Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің жеке бақылауында тұр.

– Заң қызметкерлерінің басты ұстанымдары – «Заң және тәртіп», «Еститін мемлекет» және «Құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік» қағидаттары. Бұл негізгі бағыттар полиция жұмысының мәнін айқындайды – көшелерді патрульдеуден бастап, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу мен халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға дейінгі барлық саланы қамтиды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қызметті нақты ұйымдастырудың, халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасаудың және қылмыстық ахуалды тұрақты талдаудың нәтижесінде заң бұзушылықтардың алдын алып, қаладағы тұрақтылықты сақтап қалу мүмкін болды.

– Мұндай оң динамика кездейсоқ емес, бұл «Заң және тәртіп» қағидатын дәйекті түрде іске асырудың нәтижесі. Әрбір қызметкер өз учаскесіндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілік алады, – деді тәртіп сақшылары.

Талғар қаласында жұмыс осы бағытта жалғасуда. Полицейлердің айтуынша, «Еститін мемлекет» қағидатын ұстана отырып және «Құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік» таныта отырып қана өңірдің әр ауданында тұрақты тыныштық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге болады.

Другие новости

Привычки родителей влияют на детей

Привычки родителей влияют на детей

Дети замечают гораздо больше, чем кажется взрослым...

  16.09.2026   35
Здоровый образ жизни становится привычкой

Здоровый образ жизни становится привычкой

В некоторых компаниях человеку бывает сложно отказ...

  16.09.2026   34
Алкоголь и автомобиль несовместимы

Алкоголь и автомобиль несовместимы

Управление автомобилем после употребления алкоголя...

  16.09.2026   32
Подростку нужны знания и внимание

Подростку нужны знания и внимание

Подростковый возраст - период, когда человек актив...

  16.09.2026   31
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.