Суббота, 17 Мая 2025

«Дені сау анадан – дені сау ұрпақ»

«Дені сау анадан – дені сау ұрпақ»

Адам өмірінде денсаулықтың орны зор. Әсіресе, ана болуды жоспарлаған әрбір әйел үшін денсаулықтың маңызы ерекше. Өйткені, болашақ ұрпақтың денсаулығы тікелей ананың физикалық және психикалық жағдайына байланысты. Сондықтан «Дені сау анадан – дені сау ұрпақ» қағидасы – ұлт денсаулығының негізгі тірегі болып саналады.
Жүктілік кезеңі – әйел ағзасына үлкен жауапкершілік жүктейтін ерекше уақыт. Бұл кезде әйелдің иммундық жүйесі, гормоналды тепе-теңдігі, жүрек-қантамыр жүйесі, эндокриндік және басқа да мүшелері үлкен өзгерістерге ұшырайды. Сол себепті, әйел адамның жүктілікке дайындалуы, алдын ала медициналық тексеруден өтуі жауапты іс.
Акушер-гинеколог ретінде әйелдерге жүктілікке дейінгі скринингтік тексерулерден өтуге кеңес беремін. Оған жалпы қан және зәр анализдері, жұқпалы ауруларға тексеру, УДЗ диагностикасы, гормоналды жағдайды бағалау, репродуктивтік жүйенің патологияларын анықтау сияқты маңызды зерттеулер кіреді.
Қазіргі таңда туа біткен аурулармен, даму ақауларының алдын алудың тиімді жолдары бар. Жүктілікті жоспарлау кезеңінде қабылданатын фолий қышқылы жүйке түтігі ақауларының алдын алады. Ал темір және йод тапшылығын ерте анықтау мен түзету баланың интеллектуалдық және физикалық дамуына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, жүктілік кезінде дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы, таза ауада серуендеу, дене белсенділігі – болашақ ананың да, баланың да денсаулығын нығайтады. Зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, есірткі) бас тарту – ұрпақ саулығының кепілі.
Физиологиялық денсаулықпен қатар, психологиялық дайындық та аса маңызды. Стрестік жағдайлар, депрессиялық көңіл-күй ана ағзасына кері әсерін тигізіп, жүктіліктің өту барысына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан болашақ аналарға психологиялық қолдау көрсету, отбасылық кеңес беру де – біздің жұмысымыздың бір бөлігі.
Біздің емхана әйелдерге толыққанды медициналық қызмет көрсетеді. Жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі барлық қажетті тексерулерден өтуге, сауатты кеңес алуға мүмкіндік жасалған. Әрбір әйелдің денсаулығы – біздің ұжым үшін аса маңызды. Уақытылы профилактикалық тексерулерден өтіп, өз денсаулығыңызды бақылауда ұстаңыз. Ерте анықталған ауруларды емдеу – ана мен бала өмірін сақтап қалудың сенімді жолы.
«Дені сау анадан – дені сау ұрпақ» қағидаты – жай ғана сөз емес, бұл – болашақ ұлт саулығының кепілі. Әрбір әйел өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сау ұрпақ тәрбиелеу жолында саналы қадам жасауы тиіс. Ал біз, дәрігерлер, осы жолда сіздерге кәсіби көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Галина Тансыкбаева,
Қарасай клинкалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының
акушер-гинеколог дәрігері.

Другие новости

«Дені сау анадан – дені сау ұрпақ»

«Дені сау анадан – дені сау ұрпақ»

Адам өмірінде денсаулықтың орны зор. Әсіресе, ана...

  16.05.2025   357
На повестке – очень личные вопросы

На повестке – очень личные вопросы

С 12 по 16 мая по всей стране прошла Неделя репрод...

  15.05.2025   194
Детям нужен здоровый старт

Детям нужен здоровый старт

Репродуктивное здоровье - часть общего благополучи...

  15.05.2025   313
Когда помощь рядом

Когда помощь рядом

После капитального ремонта врачебная амбулатория с...

  15.05.2025   211
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.