Вторник, 29 Сентября 2026

Жолдау ел дамуының бағытын айқындады

Жолдау ел дамуының бағытын айқындады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Мемлекеттің алдағы бағытын айқындайтын бұл Жолдауда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа қадамдарына жол ашып отыр.

Жалпы, Жолдау барысында Президентіміз ауыл шаруашылық, цифрландыру, әскери сала, денсаулық пен білім, спорт, өңірлердің дамуы, газдандыру, ауыз-сумен қамтуға қатысты бірқатар мәселелерді ашып жеткізіп, бұл салалардағы мақсат-міндеттерді іске асыруда бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, энергияның жаңа көздері, еңбек қатынастары, көші-қон мен демократизациялау, құқық қорғау саласын да назардан тыс қалдырмай, алдағы міндеттерді атап өтті.

Қоғам арасында талқыға түскен мемлекеттік тіл мәселесін де күн тәртібінен қалдырмай, қазақ тілін білу - ол отаншылдықтың белгісі екенін жеткізді. Сонымен қатар, қоғам арасында белең алып бара жатқан әлеуметтік желілердегі бір күндік атаққұмарлық, вакцинаға қарсы елді үгіттеу сынды өзекті мәселелер қауіпті құбылыс екенін және зиялы қауым тарапынан осындай сұрақтар ұдайы назарда болу қажеттігін атап өтті.

Жолдаудағы қуантарлық жаңалық - ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсіруді тапсырды. Аталған тапсырма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аспақ. Мәдениет саласы, кітапханашы, мұрағатшы, техникалық қызметкерлердің материалдық жағдайы назардан қалмай, алдағы 5 жылда жалақыны жыл сайын 20%-ға өсіру туралы тапсырмасы - еліміздегі 600 мыңнан аса қызметкерге қолдау болмақ.

Жолдауды іске асыру халық қалаулыларының да жіті назарында болмақ. Біздің тарапымыздан, яғни өңіріміздің 300-ден аса депутаттары Жолдауды бір кісідей жүзеге асырып, үлкен қалалардан шалғай ауыл тұрғындарына дейін маңызды құжатты насихаттау - жұмысымыздың бір бағыты болмақ. Ол үшін, мәслихат депутаттары ақпараттық-насихаттық топ құрамына енгізілмек.

Мақсатымыз айқын, Жолдаудың түпкі нәтижесі ол әрбір қазақстандықтың әлеуетінің артыруына бағытталған. Себебі мемлекетіміздің басты байлығы – Қазақстан халқы.

 

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев

Другие новости

Общество поддерживает решение Президента К. Токаева о реформе армии

Общество поддерживает решение Президента К. Токаева о реформе армии

Президент Касым-Жомарт Токаев в ходе специального...

  29.09.2026   95
Культурная инфраструктура регионов: в Алматинской области открыт новый Дом культуры

Культурная инфраструктура регионов: в Алматинской области открыт новый Дом культуры

В рамках поставленных Президентом Касым-Жомартом Т...

  15.08.2026   3863
Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жа...

  10.08.2026   4289
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғ...

  29.07.2026   5963
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.