Вторник, 27 Октября 2026

РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

Жаһандану дәуірінде ұлттың өз болмысын, төлтума табиғаты мен дәстүрінің қаймағын бұзбай сақтап отыруы оңай емес. «AMANAT» партиясы тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды жүзеге асыруда. Бұл – біздің ұлтымыздың, халқымыздың алдындағы перзенттік парызымыз болып табылады.

Осы мақсатта, «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен кешенді шаралар жүзеге асуда. Соның бірі «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ащыбұлақ ауылдық округінің №19 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларын, өңіріміздегі тарихи орын саналатын Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына тарихи кешендермен таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

Жастар тарихты білуі керек. Қазақтың ұлт ретінде, мемлекет ретінде қалай сақталғаны жадымызда сақталуы керек. Бүгінгі ашық аспан астында, бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз елінің азаттығы, бірлігі, ынтымағы мен болашағы үшін күресіп, соның жолында жанын құрбан еткен қайсар бабаларымыздың арқасында екенін біліп жүру керек, - деді аудандық партия төрағасы Алмасбек Сатибаев.

«АМАNАТ» партиясы ұжымы  маңызды шараның басты мақсатына тоқталып «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Жамбыл ауданынан бастау алған экскурсияның маңыздылығын атап өтті.

Другие новости

Карасайцы приняли эстафету

Карасайцы приняли эстафету

В Алматинской области близится к завершению масшта...

  24.10.2026   216
Песни и узоры родного края

Песни и узоры родного края

В Баканасе в этот день звучали домбра и песни, пах...

  24.10.2026   212
Возвращение длиною в полвека

Возвращение длиною в полвека

Полвека понадобилось книге «Кочевники. Эстетика»,...

  24.10.2026   324
Сцена для новых талантов

Сцена для новых талантов

В селе Каргалы Жамбылского района произошло событи...

  24.10.2026   274
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.