Суббота, 28 Марта 2026

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Халықаралық театр күніне орай, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы аясында халық театрлары арасында өткен республикалық моно спектакль фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген 10  халық театры өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі қойылымдарын ұсынды.

Аталған байқауда Алматы облысынан келген «Кеген халық театры» Ернат Ысқақтың “Кім жынды” спектаклін сахналап ерекше дайындық пен кәсіби шеберліктің үлгісін танытып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Театр ұжымы сахна мәдениеті, актерлік ойын және қойылымның мазмұндық тереңдігі арқылы көпшіліктің ықыласына бөленді.

Нәтижесінде, «Кеген халық театры» фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдені жеңіп алып, өңір мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – ұжымның шығармашылық еңбегінің жемісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнерді дамыту жолындағы зор жетістік болып табылады.

Другие новости

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Халықаралық театр күніне орай, Жамбыл Жабаевтың 18...

  28.03.2026   102
Наурыз объединяет

Наурыз объединяет

Наурыз по-настоящему сближает людей, объединяет ра...

  28.03.2026   140
Сохраняя традиции – сохраняем народ

Сохраняя традиции – сохраняем народ

Каждый раз, готовя полосу «Қазақтану», мы стараемс...

  27.03.2026   183
Одежда, пережившая века

Одежда, пережившая века

Познавательный час «Ұлттық киім - адал еңбек пен м...

  27.03.2026   188
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.