Понедельник, 26 Октября 2026

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Алматы облысында «Тіл – ұлттың ұлы мұрасы» атты облыстық салтанатты жиын өтті

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Алматы облысында «Тіл – ұлттың ұлы мұрасы» атты облыстық салтанатты жиын өтті

Алматы облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, облыс жастары, ұстаздар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде мемлекеттік тілді дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтау және тіл бірлігін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Жиынның қадірлі қонақтары қатарында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім мәселелері жөніндегі вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым-филолог Асылы Әлиқызы Осман, ақын Тұманбай Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымқызы және ақынның ұлы Дәурен Тұманбайұлы болды.

Іс-шара барысында тілдің ұлттық руханият пен болмысты сақтаудағы маңызы, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қазақ тілін жаңа цифрлық кеңістікте дамыту мәселелері сөз болды.

Салтанатты жиын әдеби-сазды бағдарламаға ұласып, Қонаев қаласының жастары ақын Нұрлан Оразалиннің шығармаларын орындады. Сондай-ақ «Алатау әуендері» концерттік ұйымының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Другие новости

Карасайцы приняли эстафету

Карасайцы приняли эстафету

В Алматинской области близится к завершению масшта...

  24.10.2026   199
Песни и узоры родного края

Песни и узоры родного края

В Баканасе в этот день звучали домбра и песни, пах...

  24.10.2026   195
Возвращение длиною в полвека

Возвращение длиною в полвека

Полвека понадобилось книге «Кочевники. Эстетика»,...

  24.10.2026   312
Сцена для новых талантов

Сцена для новых талантов

В селе Каргалы Жамбылского района произошло событи...

  24.10.2026   266
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.