«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Бұл игі шараның басты мақсаты — балалардың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балаларға жаңа әсер сыйлап, мәдени ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру көзделді.Әр бала — қайталанбас тұлға, әрқайсысының өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы тал...