Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді және елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары зерттеуінің нәтижелерімен расталады.Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өсті.Сенімнің жоғары деңгейі негізінен енгізіліп жатқан өзгерістердің ұдайы қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты т...