Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты.19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті молайтып, азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өс...