Пятница, 30 Октября 2026

Алматы облысында 6 елді мекенге көгілдір отын берілді

Алматы облысында 6 елді мекенге көгілдір отын берілді

 2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізіле бастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің болмауына байланысты көгілдір отынның берілуі кейінге шегерілген.
 
Бүгінде халықтың көптен күткен арманы орындалып, 16 320 тұрғыны бар 6 ауылда (Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, Бірлік) газ беріле бастады. Бақанастың өзінде 52 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауылда 1300-ден аса үй болса, қазірдің өзінде оның 510-ы табиғи газға қосылып үлгерді. Осыған байланысты ауданда салтанатты шара өтті.
 
Шараға арнайы қатысқан өңір басшысының орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Балқаш тұрғындары үшін мерейлі күн екенін, көптен күткен газбен қамту мәселесі шешілгенін айтты.
 
«Облыста 384 елді мекеннің 294-і газдандыруға жатады, қазіргі уақытта 149 елді мекен газдандырылды, 1 миллионнан аса адам газға қол жеткізді. Газ тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылытуға ыңғайлы, аймақта шағын және орта бизнестің дамуына өзінің оң ықпалын тигізетіні анық», – дейді Нұржан Құдайбергенов.
 
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасына сай 2027 жылға дейін өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетпек.
 
«Ауданда жүзеге асырылуы тиіс мәсе­лелерді тұрғындармен бірге талқылап, ұсыныс-тілектерін жинағанбыз. Солардың бірі, елді мекендерді газбен қамту мәселесі болатын. Биыл Балқаш ауданында қараша айына дейін газ беріледі деп уәде берілген еді. Бүгін сол сәт туып, қуаныштарыңызға ортақтасып отырмыз. Табиғи газбен қамтамасыз ету мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа да ауылдарға газ құбыры тартылып, облыстың газдандыру көрсеткіші 70% өседі», – деді Аслан Кубентаев.
 
Айта кету керек, биыл 18 ауыл бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген. 

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 16 мың тұрғыны бар 6 ауылға газ құбыры тартылып, іске қосылды.

Другие новости

Инвестиция в жизнь

Инвестиция в жизнь

Принятие нового Основного закона Казахстана открыл...

  30.10.2026   116
Повышение доходов населения

Повышение доходов населения

Рост цен на продукты питания и товары первой необх...

  30.10.2026   114
Защита педагогов

Защита педагогов

Внимательно прослушав Послание Президента страны «...

  30.10.2026   112
Бизнесу нужен простор

Бизнесу нужен простор

Освобождение малого и микробизнеса от проверок, см...

  30.10.2026   107
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.