Пятница, 30 Октября 2026

Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының оқушылары Батыс Қазақстан облысында өткен IX республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы…» шешендік өнер байқауында жүлделі орындарға ие болды.

2026 жылғы 28–29 қазан күндері өткен байқауға Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Рүстемұлы Шалқар Бас жүлдені иеленсе, 11-сынып оқушысы Әлімғазы Айкүнім ІІ орынға ие болды.

Осылайша, Алматы облысынан қатысқан екі оқушы да жүлдегер атанып, 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

Жеңімпаздарды байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Омарбекова Асель Қайырбековна мен Жалмаханова Жайна Абдинабиевна дайындады.

Оқушылардың бұл жетістігі – олардың ізденісі мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі. Шешендік өнер арқылы жас ұрпақтың тіл байлығын, сөз саптау мәдениетін және ұлттық мұраға деген құрметін дамыту маңызды.

Алматы облысының білім басқармасы білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Республикалық байқаудағы бұл нәтиже өңір оқушыларының білім мен өнер додаларында өз мүмкіндіктерін дәлелдеп келе жатқанын көрсетеді.

Другие новости

Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының оқушылары Батыс Қазақстан облысын...

  30.10.2026   86
Уметь пользоваться технологиями — уже недостаточно

Уметь пользоваться технологиями — уже недостаточно

Телефон и интернет давно стали частью повседневной...

  30.10.2026   73
Цифровая безопасность начинается с простых правил

Цифровая безопасность начинается с простых правил

Чем больше повседневных дел человек выполняет онла...

  30.10.2026   71
Искусственный интеллект без лишних ожиданий

Искусственный интеллект без лишних ожиданий

Об искусственном интеллекте сегодня говорят практи...

  30.10.2026   69
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.