Пятница, 22 Мая 2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының орталықтарында Ұлық мейрам Әз-Наурызды тойлау шаралары өтті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының орталықтарында Ұлық мейрам Әз-Наурызды тойлау шаралары өтті

Жиынға  тұрғындар мен, аймақтың ардагерлері, аудандардың құрметті ақсақалдары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған  аудан мен ауыл тұрғындарын және барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады. 
-Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің, жақсы істердің бастауы - Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Ел президенттінің тапсырмасы бағытында «Наурызнаманың» жаңа тұжырымдамасы дайындалды. Осы тұрғыда қазақстандықтар еліміздің басты мерекесі "Наурызды" 10 күн қатарынан тойлау үстінде. Кеше облысымыздың орталығы Қонаев қаласында Наурыз мейрамын тойлау барысында халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің көрінісі ретінде Көш-керуен салтанат құрды. Көш 9 тақырыпты қамтып, оған 3000 мыңнан аса адам, 50 батыр, 51 атты әскер, 70 биші, және жалпы мерекелік шараға 10000 нан аса тұрғындар мен қонақтар қатысты. Ерекше айта кетсек, осы тақырыптар сайысында Кеген ауданы  мерекелік шеруде, Тай қазан көрінісінің және қазақ-үй байқауында үздік І орынды иеленді.
Құрметті әлеумет! Өздеріңізбен бірге атқарған ортақ ісіміз өңірдің өсіп-өркендеуіне бағытталады. Бұл – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тынымсыз тірліктеріңіздің жемісі. Елдігімізді нығайтып, тұрмысқа тың серпін беретін байыпты бастамаларымыз бен жобаларымыз жалғасын табады. Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болып, істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!", – деді Марат Сұлтанғазиев.
Мерекелік жиында аудандардың дамуына үлес қосқан  белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып сөз сөйледі.                         
Салтанатты бөлімнен соң Талғар ауданында 500 бала күй тартып  ұлттық этно бірлестіктердің мерекелік көрсетілімдері тамашаланды. Сонымен қатар, қазақтың дәстүріне сай "Ат қою", "Тұсаукесер", "Қыз ұзату" сияқты т.б рәсімдері өткізіліп, ұлттық спорт түрлерінен мекемелер арасында сайыстар мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Другие новости

В Алматинской области открылся новый спортивный комплекс

В Алматинской области открылся новый спортивный комплекс

Сегодня в селе Бакбакты Балхашского района состоял...

  22.05.2026   107
Новые планы для села

Новые планы для села

В Кайнарском сельском округе Талгарского района в...

  22.05.2026   131
Вспоминая знаменитого публициста

Вспоминая знаменитого публициста

В Национальной библиотеке РК в г. Алматы состоялас...

  22.05.2026   197
Парад звезд состоялся в школе имени Абдуали Кайдара

Парад звезд состоялся в школе имени Абдуали Кайдара

В школе имени Абдуали Кайдара в Енбекшиказахском р...

  22.05.2026   125
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.