Воскресенье, 12 Апреля 2026

Бүгін Қонаевта 8000-ға жуық адам сенбілікке шықты

Бүгін Қонаевта 8000-ға жуық адам сенбілікке шықты

Қонаев әкімі Асхат Бердіханов халықпен бірге сенбілікке шығып, Центральная көшесінің бойына ағаш егу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда бүгін 1500 ағаш егілді.

«Жасыл аймақ» акциясына қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды. Сондай-ақ халық ұйымдасып, бірлесіп, «Менің аулам - менің үйім» ұранын желеулетіп, аулаларды тазартып шықты. Сонымен қатар әкімдік мамандары экология департаментімен бірлесіп, белгіленбеген орындардағы 130 тонна күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарды. Аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. Ал мердігер компания өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып, Әуезов пен Вивальди көшесінің қиылысына 2000 шаршы метр құм-тас төседі. 

Кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 8000-ға жуық адам қатысты

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   111
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   166
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   276
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   296
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.