Воскресенье, 12 Апреля 2026

Пассивті қауіпсіздік жүйелері

Пассивті қауіпсіздік жүйелері

Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді.

Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штабтың аймақтағы өкілдері өңірде халықпен кездесуді жалғастырып жатыр. Міне, сондай кездесудің бірі бүгін Қонаев қаласында өтті. Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

«Біз атом электр стансасының  заманауи технологиялары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және халықтың пікірі өте маңызды. Сондықтан барлықтарыңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз»,-деді Халықтық штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

Кездесу барысында атом электр стансасының жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде сақталатын қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі баяндалды. Штаб өкілдері қазіргі заманғы реакторлардың пассивті қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау әдістері туралы мәліметтерді ұсынып, қызметкерлердің қызығушылықтарын қанағаттандырды. Референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

 

Алматы облыстық Халықтық штабтың баспасөз қызметі

Другие новости

Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   138
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   259
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   278
Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   274
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.