Воскресенье, 12 Апреля 2026

Қонаев қаласындағы балабақша қызметкерлері АЭС салу жобасына қолдау білдірді

Қонаев қаласындағы балабақша қызметкерлері АЭС салу жобасына қолдау білдірді

Атом электр станциясын салу жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Қонаев қаласындағы «Нұр-бөбек» және «Гүлдер» балабақшаларының ұжымымен кездесті.

Жиынның мақсаты – атом энергетикасының ел болашағы үшін стратегиялық рөлі мен АЭС құрылысының энергетикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері туралы ақпарат беру болды. Балабақша қызметкерлері еліміздің болашақ ұрпағын тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жобаны қолдайтындарын білдірді.

Халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысының еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және тұрақты, экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

«АЭС – бұл біздің болашағымыздың кепілі. Энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізудің және экономиканы тұрақты энергиямен қамтамасыз етудің ең сенімді жолы. Жаңартылатын энергия көздері жеткіліксіз болғандықтан, АЭС тұрақты, сенімді әрі экологиялық таза энергия көзі болып табылады», – деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Аслан Кубентаев.

Кездесуде сөз алған штаб мүшесі Серік Нұрқадыров та өз пікірін білдірді.

«Біз балаларымыздың болашағын ойласақ, оларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуіміз қажет. АЭС құрылысы – бұл еліміз үшін экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды қадамы, сондықтан осы жобаға қолдау білдіру – барлығымыздың ортақ міндетіміз»– деді ол.

Балабақша ұжымы да өз ойларын ортаға салып, АЭС салу жобасын толық қолдайтындарын жеткізді. Олардың айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығы балалардың жарқын болашағына жол ашып, қауіпсіз және сенімді энергиямен қамтамасыз етеді.

Кездесу соңында Халықтық штаб өкілдері мұндай ақпараттық-насихат жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратынын және халықты АЭС жобасы туралы жан-жақты ақпараттандыруды басты мақсат етіп қойғандарын жеткізді.

Другие новости

Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   143
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   263
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   282
Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   278
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.