Воскресенье, 12 Апреля 2026

Жастар АЭС мәселесі бойынша кездесуге қатысты

Жастар АЭС мәселесі бойынша кездесуге қатысты

Есік медициналық колледж  студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі болды. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен сарапшылар студенттерге АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктемелер берді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.

Бұл кездесу АЭС салу мәселесіне қатысты жастардың пікірін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беру үшін маңызды платформаға айналды.

Кездесу соңында  штаб мүшесі Б.Рахимов студенттерге АЭС салу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, белсенді азаматтық позицияны ұстануға шақырды. Қуат көздерін тиімді пайдалану, елдің энергетикалық болашағы туралы ойланып, өз ойларын ашық жеткізу қажеттігін атап өтті.

Другие новости

Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   143
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   263
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   282
Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   277
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.