️АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық Штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов, Г.Құраметова Жетісу гуманитарлық -техникалық колледжі ұстаздары студенттерімен кездесіп, атом электр станциясының еліміз үшін қаншалықты керек екенін түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында штаб өкілдері атом электр станциясы құрылысының маңыздылығы туралы түсіндіріп, АЭС тұрақты энергия көзі екенін айтты.
Жиын соңында халықтық штаб мүшелері колледж студенттерін 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.