Пятница, 22 Ноября 2024

Халықтық штаб: Алматы облысында партия өкілдері АЭС құрылысына қолдау шараларын талқылады

Халықтық штаб: Алматы облысында партия өкілдері АЭС құрылысына қолдау шараларын талқылады

Өңірде АЭС салуды қолдауға арналған үгіт-насихат шаралары күшейтіліп, партиялар мен бірлестіктердің өкілдері ақпараттық жұмыстарды жандандыруға кірісті.

Бүгін Алматы облыстық Халықтық штабтың фронт-офисінде отырыс өтті. Жиынға бірнеше партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, алдағы кезеңде үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мәселесін басты назарға алды. Бұл кездесу атом электр станциясы құрылысына қолдау білдіру және оның маңыздылығын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында Халықтық штаб мүшелері үгіт-насихат науқанының нәтижелерін талқылап, алдағы жұмыс жоспарын анықтады. Штабтың белсенділері елдегі барлық аймақтарда халықпен тығыз байланыс орнатып, АЭС салудың артықшылықтарын кеңінен насихаттау қажеттігін ерекше атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – халыққа АЭС туралы нақты, дәлелді ақпарат жеткізу. Атом энергетикасы Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие, сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде күшейту қажет», – деді  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

Отырыс барысында партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері халықпен кездесулердің тиімділігін арттыру үшін нақты ұсыныстар айтты. Әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату мен түрлі аудиторияларға бағытталған насихат жұмыстарын жүргізу әдістерін жетілдіру жайы қызу талқыланды.

«Алдағы кезеңде халықпен бетпе-бет кездесулерден бөлек, ақпараттық құралдар арқылы түсіндіру жұмыстарын кеңейту маңызды. Әсіресе, жас ұрпаққа АЭС-тің қауіпсіздігі мен экологиялық артықшылықтарын түсіндіру қажет. Қоғамның әрбір мүшесі өз болашағы үшін маңызды шешім қабылдай алатындай ақпаратқа қол жеткізуі тиіс», – деді «Ақ жол» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, штаб мүшесі Мейраш Шынасылова.

Жиын соңында Халықтық штабтың алдағы жұмыс жоспары бекітіліп, насихат жұмыстарына қатысатын барлық тараптардың жауапкершілігі нақтыланды. Алдағы уақытта ел көлемінде ауқымды үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылып, АЭС салу туралы референдумда халықтың белсенді қатысуына ықпал ету көзделіп отыр.

Халықтық штабтың бұл жиыны АЭС құрылысының ел үшін стратегиялық маңыздылығын халыққа дұрыс және нақты ақпарат арқылы жеткізуді көздеген маңызды қадамдардың бірі ретінде қабылданды.

Другие новости

Полиметаллическое рудопроявление Чинасыл-Сай: перспективы и вызовы

Полиметаллическое рудопроявление Чинасыл-Сай: перспективы и вызовы

Рудопроявление Чинасыл-Сай, расположенное в Жамбыл...

  22.11.2024   73
В центре внимания - искусство

В центре внимания - искусство

В городе Қонаев состоялись гала-концерт областного...

  22.11.2024   71
Гражданская инициатива на селе

Гражданская инициатива на селе

В конференц-зале Талгарского Дома культуры прошел...

  22.11.2024   112
Грядут большие перемены

Грядут большие перемены

На посту главы Туздыбастауского сельского округа Ш...

  21.11.2024   187
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.