Пятница, 13 Февраля 2026

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ - ЭНЕРГЕТИКА МЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ДАМЫТАДЫ

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ - ЭНЕРГЕТИКА МЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ДАМЫТАДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Рожин Максим Николаевич және мәслихат депутаттары мен саяси ұйым өкілдерінен құралған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерімен №28 орта мектептің мәжіліс залында Байсерке ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде экологиялық және экономикалық проблемаларды шешу жолында АЭС жобасының тиімділігі жөнінде пікір білдіріп, ауыл тұрғындарын 6 қазан күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырды.
Максим Рожин өз сөзінде қазіргі таңда климаттық және экологиялық өзгерістердің орын алуына байланысты жел мен күн арқылы алынатын энергия көздерінің тұрақсыздығына назар аударды. 
«Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. АЭС құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», - деді ол. 
Кездесу барысында атом электр станциясы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі екені айтылды. Сондай-ақ АЭС-тің көмір станцияларынан айырмашылығы жіктеліп, атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтіндігі және экономикамыздың дамуына тың серпін беретіндігі сөз болды.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024

Другие новости

«Закон и порядок» как конституционная основа государства

«Закон и порядок» как конституционная основа государства

В системе государственного управления есть принцип...

  13.02.2026   33
Новые стандарты защиты прав человека в Конституции

Новые стандарты защиты прав человека в Конституции

Современное государство оценивается не только по э...

  13.02.2026   44
От независимости к зрелости: смысл обновленной преамбулы Конституции

От независимости к зрелости: смысл обновленной преамбулы Конституции

Конституция — это не только юридический документ....

  13.02.2026   51
В Алматинской области создана региональная коалиция в поддержку новой Конституции

В Алматинской области создана региональная коалиция в поддержку новой Конституции

В рамках республиканской инициативы по формировани...

  13.02.2026   49
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.