Пятница, 05 Сентября 2025

Халықтық штаб: Энергетикалық тәуелсіздікке апаратын жол – АЭС

Халықтық штаб: Энергетикалық тәуелсіздікке апаратын жол – АЭС

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарасай ауданындағы Гуманитарлы-техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Жиынның мақсаты – атом электр станциясы салу жобасының елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен болашағына тигізер ықпалы туралы түсіндіру, жастар арасында кең ауқымды ақпарат тарату.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Халықтық штаб мүшелері Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев сөз сөйлеп, атом энергетикасының стратегиялық маңызы мен экологиялық қауіпсіздігі туралы айтты.

Жанболат Жөргенбаев өз сөзінде АЭС салудың Қазақстан үшін экономикалық тиімділігін және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтатын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Біздің қазіргі электр энергиясының басым бөлігі ескірген көмір станцияларынан алынады. Бұл экологиялық тұрғыдан тиімсіз әрі болашақта электр энергиясы тапшылығына әкелуі мүмкін. АЭС салу арқылы біз тұрақты, сенімді әрі экологиялық таза энергия көзіне қол жеткізе аламыз. Бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикалық өсімге де айтарлықтай үлес қосады», – деді ол.

Ал Закиржан Кузиев АЭС-тің қауіпсіздігіне ерекше тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда әлемде АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынды технологиялар енгізілуде. Қазақстан да осы озық технологияларды пайдаланып, АЭС-тің қауіпсіздігіне толықтай кепілдік береді. Атом энергетикасы – бұл болашақтың энергиясы, біз үшін тұрақты әрі тиімді шешім», – деді сенатор.

Колледж ұжымы мен студенттері де кездесуде өз пікірлерін білдіріп, АЭС салу жобасына қолдау көрсететіндерін айтты. Жастар елдің энергетикалық тәуелсіздігіне және экологияны сақтауға бағытталған жобаның маңыздылығын толықтай түсінетіндерін жеткізді.

Другие новости

Надежный покупатель для местных фермеров

Надежный покупатель для местных фермеров

Фото из архива редакции.Новый завод по глубокой пе...

  05.09.2025   74
Инвестиции в конкурентоспособное поколение: как в Казахстане модернизируют образование и развивают научный потенциал в рамках реализации Послания Президента

Инвестиции в конкурентоспособное поколение: как в Казахстане модернизируют образование и развивают научный потенциал в рамках реализации Послания Президента

В Послании народу «Справедливый Казахстан: закон и...

  05.09.2025   120
Послание Президента 2024: как Казахстан формирует цифровую экосистему

Послание Президента 2024: как Казахстан формирует цифровую экосистему

В Послании «Справедливый Казахстан: закон и порядо...

  04.09.2025   226
Послание-2024: исполнение поручений Президента в сфере сельского хозяйства

Послание-2024: исполнение поручений Президента в сфере сельского хозяйства

В Послании Президента Касым-Жомарта Токаева «Справ...

  03.09.2025   290
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.