Среда, 30 Сентября 2026

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ “ЖАМБЫЛ КЕРАМЗИТ” ЗАУЫТ ҰЖЫМЫНА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ “ЖАМБЫЛ КЕРАМЗИТ” ЗАУЫТ ҰЖЫМЫНА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Халықтық штаб мүшелері Мәтібұлақ ауылындағы “Жамбыл керамзит” зауыт ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, әсіресе атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесу барысында  халықтық штаб мүшесі Армандос Ақылдосұлы атом электр станциясының мемлекеттің дамуына әсер ететін факторларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасына қосар үлесі туралы сөз қозғап, жаңа жобалардың артықшылықтарын атап өтті.

«Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% - қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Біріншіден жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетсе, екінші жағынан елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп барады. АЭС аталған мәселелерді шешудің дұрыс жолы деп айтуға болады», - деді Армандос Ақылдосұлы.

Кездесу барысында зауыт ұжымына АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

Другие новости

Определены ключевые задачи региона

Определены ключевые задачи региона

Очередная 56-я сессия областного маслихата состоял...

  30.09.2026   110
Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   109
В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   182
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   145
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.