Пятница, 30 Октября 2026

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ҚАРАОЙДА ЖАЛҒАСТЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ҚАРАОЙДА  ЖАЛҒАСТЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Алмасбек Сатибаев, Мақсат Сейдалиев, Нұрлан Түймелиев, Бағдат Абижанов, Айдар Абдрахманов Қараой ауылының тұрғындарымен кездесті

Нұрлан Түймелиев кездесу барысында қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында байқалады, 2023 жылдың соңында ол 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3%-ға өседі. Осыған байланысты атом электр стансасын салу экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім болып табылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларының құрылысы мультипликативті әсер береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, штаб мүшелері Ережеге сәйкес атом энергетикасы объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар стратегиялық объектілер қатарына жатқызылады және қорғауға жатады. Қарапайым сөзбен айтқанда, АЭС аумағына ену шектеулі және мұқият күзетілетін нысан болатынын жеткізді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары қойған сауалдарына толыққанды жауап алып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Другие новости

Бизнесу есть чем гордиться

Бизнесу есть чем гордиться

Запах свежеиспеченного хлеба от местных пекарен, п...

  30.10.2026   120
Наша стратегическая цель –  энергопрофицит

Наша стратегическая цель – энергопрофицит

В нынешнем Послании Президента Казахстана Касым-Жо...

  30.10.2026   108
Не пропустите тревожный звонок

Не пропустите тревожный звонок

В повседневной суете мы заботимся о семье, спешим...

  30.10.2026   101
Справедливый Казахстан начинается с каждого из нас

Справедливый Казахстан начинается с каждого из нас

В сегодняшнем Послании Президента Касым-Жомарта То...

  30.10.2026   135
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.