Воскресенье, 12 Апреля 2026

Жастар АЭС мәселесі бойынша кездесуге қатысты

Жастар АЭС мәселесі бойынша кездесуге қатысты
Шелек медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі болды. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен сарапшылар студенттерге АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктемелер берді.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.
Бұл кездесу АЭС салу мәселесіне қатысты жастардың пікірін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беру үшін маңызды платформаға айналды.
Кездесу соңында штаб мүшесі Б.Рахимов студенттерге АЭС салу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, белсенді азаматтық позицияны ұстануға шақырды. Қуат көздерін тиімді пайдалану, елдің энергетикалық болашағы туралы ойланып, өз ойларын ашық жеткізу қажеттігін атап өтті.

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   105
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   163
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   274
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   294
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.