Воскресенье, 12 Апреля 2026

БАЙКЕНТ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

БАЙКЕНТ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Мақсат Сейдалиев, Нұрлан Түймелиев, Бағдат Абижанов Байкент ауылдық округіндегі №45 орта мектептің мәжіліс залында тұрғындармен кездесті.

Тұрғындармен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.

Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. 

Кездесуде Байкент ауылының тұрғындары референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшесінен жауап алды.

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   105
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   163
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   274
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   294
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.