Аяла есімді тұрғын алғаш рет саяси науқанға қатысты
Бүгін Қонаевта 30 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аяла Рахметолла №949 референдум учаскесінде алғаш рет саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол 2005 жылы Қапшағай қаласында дүниеге келген. 2022 жылы орта мектеп-гимназиясын тәмамдап, Алматыдағы ЖОО біріне оқуға түскен.
Аяла өз пікірінде ел ертеңі үшін маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.