Воскресенье, 12 Апреля 2026

Бес ұрпақ – бір таңдау

Бес ұрпақ – бір таңдау

Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал өз таңдауларын жасады. 

Бүгінгі күн отбасы мүшелері үшін үлкен мәнге ие. Себебі айтулы күн ұрпақтар сабақтастығы мен ажырамас байланысын, ел ертеңіне әрбір адамның үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті. Айта кетерлігі, 18 жасар Марал бүгін алғаш рет дауыс берді.

Шортановтар отбасы ауылдың көркеюіне қосқан үлесімен танымал. Балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етеді. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді. Олардың дауыс беруге қатысуы ұрпақтар арасындағы байланыстың, елді көркейту жолындағы бірліктің символына айналды.

Дауыс беруден кейін отбасы осы маңызды күнді еске алу үшін бірге суретке түсті. Ел болашағы үлкеннен кішіге дейін барша азаматтың күшімен қалыптасатынын еске салды. Жақындары мен таныстары әсерлерімен бөлісіп, қоғамның игілігі үшін дауыс беру құқығын пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   113
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   167
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   278
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   299
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.