Воскресенье, 08 Декабря 2024

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024»  жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ
  1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ
    1. Байқауды ұйымдастырушы – «Алматы облысының жастар саясаты 

мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-сі, «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-сі.

1.2. Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығы Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсене атсалысып жүрген жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық ауқымды іс-шара.

 

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығы                                 14-35 аралығындағы (35 жас қоса алғанда) үздік жастарды марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа таныстыру мақсатында өткізіледі.

2.2. Байқаудың негізгі міндеттері: 

  • облыс жастарының жеткен жетістіктерін жария ету;
  • облыстық жастар саясатындағы жаңа перспективалы есімдерді анықтау;
  • мемлекеттік және өңірлік жастар саясатын жүзеге асыруға тарту;
  • үздік жастарға материалдық қолдау көрсету.

 

         3. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

3.1. Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына үміткерлер:

  • Алматы облысының 14-35 жас (35 жас қоса алғанда) аралығындағы                   (өтінім берудің соңғы күніне дейін) белсенді жастары;
  • мемлекеттік қызметкерлер, волонтерлар, мұғалімдер, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, журналистер, кәсіпкерлер, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушалар және кәсіптік мамандар;
  • белгілі бір салада жетістіктерге жеткен және облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүрген жастар;
  • креативті ойлайтын, көшбасшы жас болуы керек.

3.2.   Үміткер ұсынған құжаттардың растылығы мен заңдылығына толық жауапты.

3.3. Байқауға соңғы 3 жыл ішінде жеңімпаз атанған жастар  қатыспайды.

3.4. Үміткерлер қазіргі таңда Алматы облысында тұруы және жұмыс істеуі/оқуы міндетті.

 

4. БАЙҚАУДЫҢ АТАЛЫМДАРЫ

4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі (тіркеу керек растайтын құжаттары):

 

1) «Үздік жас мемлекеттік қызметші»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысының мемлекеттік қызметкері болуы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады. Бюджеттік, әскери міндеттегі қызмет немесе тағы да басқа Мемлекеттік мекемеден тыс ұйым қызметкерлері мен басшылықтары қатыса алмайды); 
  • Мемелекеттік қызметтегі жұмыс өтілі номинацияға сай соңғы 2 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Мемлекеттік мекемедегі жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мемелкеттік мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Үміткер соңғы 3 жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған арнайы оқыту, спартакиада және т.б. іс-шараларға белсенді қатысқан болуы тиіс (Куәліктің, марапттау қағаздарының көшірмелерімен және медаль, кубок, т.б. марапаттау рәсіміндегі суреттерімен расталады);
  • Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқанын айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

2) «Үздік жас дәрігер»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында медицина саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай соңғы 2 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Медицина саласындағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Үміткердің өзі қызмет атқаратын медицина саласына сай, жарамдылық мерзімі аспаған дипломы немесе сертификаты болуы тиіс (диплом, сертификат көшірмелерімен расталады);
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Портфолио, медицина қызметкерлері әулеті, істеген ота және т.б. айрықша жұмыстары);
  • Облыс көлемінде медицина саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

3) «Үздік жас ұстаз»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында білім саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай соңғы 2 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Білім саласындағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Облыс көлемінде білім беру саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Портфолио, айрықша жұмыстары, және т.б.);
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті) болған жағдайда көшірмесімен немесе айқындаушы құжатымен расталуы қажет;
  • Соңғы 3 жылда республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған болуы қажет (журналдың атауы, шығарылған жылы көрсетілген басты бетінің, мазмұнының, мақаласының көшірмесімен расталады);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

  1. «Үздік жас спортшы»
  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында спорт саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай соңғы 2 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Спорт саласындағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жүлделі орын иегерлері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);
  • Спорттық дәрежесі болған жағдайда (дәрежесін айқындайтын құжаттың көшірмесімен расталады);
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Портфолио, айрықша жұмыстары, және т.б.);
  • Облыс көлемінде спорт саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

5) «Үздік жас журналист»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында журналистика саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай мамандығы соңғы 1 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Журналистика саласындағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүргендігін растау (Мақаланың, шығарылымның атауы, шығарылған жылы көрсетілген басты бетімен, мазмұнымен, мақаласының көшірмесімен, т.б. расталады);
  • Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүргендігін айқындау (Өзекті зерттеу жұмыстары, жобалары, ұзақ жылдық бір қызметтегі еңбегін айқындайтын портфолиомен расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүргендігін айқындау (портфолио, сурет, жарияланымдар, әлеуметтік желідегі белсенділік, т.б. расталады);

  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Портфолио, айрықша жұмыстары, және т.б.);
  • Облыс көлемінде журналистика саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

  1. «Үздік жас кәсіпкер»
  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда, кемінде соңғы 1 жыл Алматы облысында кәсіпкерлік қызметті атқаруы керек (Кәсіпкерлік қызметін растайтын Egov парталының анықтамасымен расталады);
  • Міндетті алым-салықтарынан қарыздары болмауы (анықтамалармен расталады);
  • Өнім шығаруға арналған сертификат, патент, авторлық құқықтары (болған жағдайда анықтамалармен, көшірмелермен расталады);
  • Кәсіпкерлік саласындағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүргендігін растау (портфолио, жоба, өнім суреттері арқылы расталады);
  • Облыс көлемінде кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Қайырымдылықпен және демеушілікпен айналысу (сурет, жарияланымдар, қаржылай анықтама арқылы расталады);
  • Кәсіпорынның штат санының кемінде 3 жаспен қамтылуы тиіс (кәсіпорында қарамағында қызмет атқаратын жастардың құжаттарымен, және электрондық еңбек биржасының парақшасының скриншотымен расталады);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

7) «Үздік жас өнерпаз»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында өнер саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай мамандығы соңғы 1 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Номинацияға сай саладағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Көшбасшылық қасиетке, айрықша дағды мен шеберлікке, жастар арасында танымалдыққа ие болуы;
  • Соңғы 3 жылда халықаралық, республикалық байқаулардың жүлделі орын иегері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);
  • Жеке репертуарлары, туындылары мен шығармалары болуы (платформа, әлеуметтік желі мен ғаламторда, басылымдарда шығарылуын растау);
  • Номинацияға сай патент, авторлық құқықтары (болған жағдайда анықтамалармен, көшірмелермен расталады);
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Портфолио, айрықша жұмыстары, және т.б.);
  • Облыс көлемінде медицина мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

8) «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушы»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында номинацияға сай салада қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай мамандығы соңғы 1 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Номинацияға сай саладағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тараптарынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы тиіс (Соңғы кездегі, үздіксіз мерзімдегі жұмыс өтіліндегі мекеме басшыларының қолы мен мөрі қойылған анықтамалар арқылы расталады);
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Үміткер соңғы 3 жыл ішінде арнайы оқыту, спартакиада және т.б. іс-шараларға белсенді қатысқан жағдайда (Куәліктің, марапттау қағаздарының көшірмелерімен және медаль, кубок, т.б. марапаттау рәсіміндегі суреттерімен расталады);
  • Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқанын айқындайтын ұсыныс хаттар (Жастар ұйымдарынан, мемлекеттік мекемелерден және т.б. кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

9) «Үздік жас волонтер»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында волонтерлік салада қызмет атқаруы керек (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б. кем дегенде 3 анықтама арқылы расталады);
  • Волонтерлік қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б. кем дегенде 3 анықтама арқылы расталады);
  • Қоғам игілігі үшін қайтарымсыз жұмыстарға өз ниетімен, ерікті ат салысатын адамдар қатарынан болуы тиіс; 
  • Qazvolunteer.kz сайтына волонтер ретінде тіркелуі тиіс (сайтқа тіркелгенін растайтын скриншот арқылы расталады); 
  • Номинацияға сай саладағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан жағдайда (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Облыс көлемінде волонтерлік саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Үміткер соңғы 3 жыл ішінде арнайы оқыту, спартакиада және т.б. іс-шараларға белсенді қатысқан жағдайда (Куәліктің, марапттау қағаздарының көшірмелерімен және медаль, кубок, т.б. марапаттау рәсіміндегі суреттерімен расталады);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

10) «Үздік жас кәсіптік маман»

  • Үміткердің жас мөлшері 14 – 35 жас (35 жасты қоса алғанда) аралығында болуы тиіс (Жеке куәлігінің көшірмесімен расталады);
  • Үміткер қазіргі таңда Алматы облысында өнер саласында қызмет атқаруы керек (Басшысының қолы мен мөрі қойылған жұмыс орнынан анықтамасымен расталады);
  • Мамандығына сай дипломы мен сертификатының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • Үміткердің жұмыс өтілі номинацияға сай мамандығы соңғы 1 жылдан кем болмауы тиіс (БЖЗҚ көшірмесімен расталады);
  • Номинацияға сай саладағы жұмыс өтілінің соңғы мерзімдердегі үздіксіз жұмыс істеген жылдары ғана есепке алынады;
  • Кәсіптік мамандық талаптарын және нұсқаулықтарды жоғары деңгейде білуі керек (жұмыс орнынан анықтамамен расталады);

  • Кәсіптік мамандық бойынша өзіндік үлес қосқан, жаңашылдық енгізген жағдайда (портфолио, жоба, өнім);
  • Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);

  • Номинацияға автокөлік жөндеу мен қызмет көрсету, электротехника және энергетика, ақпараттық технологиялар, металлургия, дәнекерлеу ісі, аспаздық және қонақжайлылық,  құрылыс, сәулет, ауыл шаруашылығы, машина жасау және механика, тігін және дизайн мамандық иелері қатыса алады;

  • Облыс көлемінде кәсіптік мамандық саласын дамытуға қосқан үлесін айқындайтын ұсыныс хаттар (Ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден және т.б.  кем дегенде 3 ұсыныс хат, 6 ұсыныс хаттан аспау керек);
  • Үміткер соңғы 3 жыл ішінде арнайы оқыту, спартакиада және т.б. іс-шараларға белсенді қатысқан жағдайда (Куәліктің, марапттау қағаздарының көшірмелерімен және медаль, кубок, т.б. марапаттау рәсіміндегі суреттерімен расталады);
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталарының болуы қажет (Көшірмелері, куәлік және медаль суреттерімен расталады).

 

5. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН  БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ

5.1. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана  қатыса алады.

5.2. Байқауға соңғы 3 жылда жеткен жетістіктері ұсынылады.

5.3. Комиссия мүшелері үміткерлердің портфолиосын қарау арқылы бағалау парағына сәйкес критерийлер бойынша балл қояды (өлшемдері 1-ден 10 баллға дейін): жұмыс өтілі, халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадалар, оқудағы жетістігі, қоғамдық жұмыстары, жастар арасында танымалдығы, жұмысшы мамандықтар, қайырымдылық пен демеушілік, ұлттық құндылықтар, ісіне адалдығы, жастарды қамту саны, іс-шаралардың сапасы, ұсыныс хат/мінездеме/наградалардың деңгейіне, өзектілігі, жеке белсенділігі мен үлесі және т.б. ескеріледі.

5.4. Портфолиоға қойылатын жалпы техникалық талаптар, 1 баспа нұсқада: көлемі – A3-тен үлкен емес, переплеттелген, нөмірленген, суреттермен расталған, бірінші бетінде мазмұндамасы бар болуы (портфолиолардың ағаштан, сандық түрінде және т.б. креативті нұсқалары үшін қосымша балл берілмейді; қарапайым, әдемі және қысқа да түсінікті түрі құпталады) және 1 электрондық нұсқада (флешка): файлдар архивтелген, көлемі 25 ГБ дейін, барлық құжаттар арнайы аппарат арқылы сапалы және көрінетіндей сканерленген, реттілік бойынша қойылған, барлық файлдар біріктірілген 1 PDF түрінде, атауына ТАӘ, номинация және аудан/қала жазылған болуы керек. Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

 

6. БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ  ТӘРТІБІ

6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2024 жылғы 13 қараша мен 03 желтоқсан аралығында, 3 желтоқсан күні сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген портфолиоларды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды.

6.3. Байқаудың жеңімпаздары құжаттар қабылдану аяқталғаннан кейін  @almobl_jastary инстаграмм парақшасына(10 күн ішінде) хабарланатын болады.

 

7. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

7.1.  Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді. 

7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені  басшылыққа алады.

 

8. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Өтінімдерді бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша  қазылар алқасының отырысын ұйымдастырады.

8.2. Қазылар алқасы облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.

8.3. Қазылар алқасы үміткерлер ұсынған портфолиоларды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.

8.4. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – облыс әкімінің орынбасары, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, журналистер, мәдениет, медицина саласының өкілдері, өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары т.б. кіреді. 

8.5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.

 

9. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ

9.1. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысы бойынша балл беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды. 

9.2. Марапатқа лайық портфолиолар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлдені бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 

9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау               қосымша хабарланатын болады. 

9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, ақшалай сыйақымен марапатталады.

 

10. БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

10.1. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада өткізу қажет. Эл.пошта almobl_jastary@mail.ru. Өтінімдер мен керекті құжаттарды 040800, Қонаев қаласы, 2 ықшам аудан, 44-ші ғимарат, 4 қабат мекен-жайына а.ж. 3 желтоқсан 18:30-ға дейін тапсыру керек. Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны:                       +7 (778) 320-29-89 Диляра Кабдоллина.

10.2.  Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;

10.3.  Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда  және басқа да дереккөздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

 

11. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

Қосымша № 1

 

1

Үміткердің аты-жөні

 

2

Номинация  

3

Қала, аудан атауы 

3

Туған күні, айы, жылы; ЖСН 

4

Жетістіктері 

(дипломдар, алғыс хаттар, медаль, сертификаттар, грамоталар)

 

 

  • 1 бет – Мұқаба: үміткердің аты-жөні; суреті; номинация; аудан/қала.
  • 2 бет – Өтінім: датасы мен қолы қойылған (қосымша №1 сәйкес)
  • 3 бет – Мазмұндама нөмірленген.
  • 4-5 беттер – Кіріспе: өмірбаян, өзі туралы толық ақпарат, ішінде ТАӘ; туған жылы, күні, айы; оқу/жұмыс орны; отбасы туралы мәліметтер; еңбек/жұмыс өтілі/тәжірибесі, қызығушылықтар және т.б.
  • 6-20 беттер – Жетістіктері жыл/ай/күні бойынша реттелген, ішінде ақпараты және суреттермен расталған болуы керек (көшірмелер түрлі-түсті дипломдар, алғыс хаттар, марапаттаулар атаулары мен жылы көрсетілген).
  • 21 бет – «Неге мен «Заңғар-2024» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында мотивациялық эссе.
  • 22-25 беттер – 5 фотосурет: 1 жалғыз өзі түскен, 2 жұмыс барысында түскен сурет, 1 бос уақытта, 1 отбасында түскен сурет.

Другие новости

Диалог в реальном времени

Диалог в реальном времени

В минувшую пятницу аким  области Марат Султан...

  06.12.2024   197
Для плодотворной деятельности

Для плодотворной деятельности

В г. Каскелене, в Карасайском районном филиале Пал...

  06.12.2024   181
На страже интересов народа

На страже интересов народа

В областном акимате состоялось заседание депутатов...

  06.12.2024   200
Важный инструмент  стабильности

Важный инструмент стабильности

В городе Қонаев прошло заседание Совета по этномед...

  06.12.2024   189
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.