Понедельник, 21 Сентября 2026

Руслан Иштиряков Қонаев қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

Руслан Иштиряков Қонаев қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

8 желтоқсанда Қонаев қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлау қорытындысы бойынша №5 сайлау округінен Иштиряков Руслан Идрисович жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 889 дауысын жинап, өзге үміткерлерден басым түсті.

Сайлауға 3974 сайлаушы тіркелген болса, олардың 2010-ы дауыс беруге қатысты. Бұл қатысу деңгейін 50,6%-ға жеткізді. Сайлаудың басқа үміткерлері арасында Савутов Ахметжан 220 дауыс, ал Саржанов Ерлан 210 дауыс жинады. Сонымен қатар 312 сайлаушы «Барлығына қарсы» таңдауын жасады.

1982 жылы Жамбыл обылсы Жамбыл қаласында дүниеге келген Руслан Иштиряков мұнай-газ саласындағы тәжірибелі маман. Омбы мемлекеттік техникалық университетін «Мұнай-газ құбырларын, базалар мен қоймаларды салу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта ол «Алматы ОблГаз Engineering» ШЖҚ МКК директоры лауазымында қызмет атқарады. Оның басшылығымен өңірдің газдандыру саласында маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Иштиряков Руслан сайлауалды бағдарламасында қала тұрғындарының көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын ұсынды.

Оның уәделері:
•    Қонаев қаласындағы мектептерді жаңғырту, білім беру сапасын жақсарту және балаларды тегін тамақтандыру сапасын бақылау;
•    Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысын қадағалау;
•    2027 жылға дейін 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бақылау және апатты үйлерді бұзу мәселесін шешу;
•    Қала көшелерін жөндеу, газдандыру және коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту;
•    Қалалық жағажайлар мен жасыл аймақтарды абаттандыруға ықпал ету;
•    Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту.

Иштиряков Руслан халық сеніміне ие болғанына ризашылығын білдіріп, депутат ретінде тұрғындардың мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істеуге уәде берді. Ол сайлауалды бағдарламасында айтылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  21.09.2026   267
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  21.09.2026   26
Атомные технологии могут создать в Казахстане новые высокотехнологичные отрасли — эксперт

Атомные технологии могут создать в Казахстане новые высокотехнологичные отрасли — эксперт

Ядерные реакторы могут использоваться не толь...

  21.09.2026   83
Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   222
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.