Пятница, 06 Февраля 2026

Газеттерге банкрот қаупі төніп тұр

Газеттерге банкрот қаупі төніп тұр

Фото: t.me/mazhilis_kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида БАЛАЕВАҒА,
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат ОМАРОВҚА,
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан ЖӘКЕЕВКЕ
Соңғы 2-3 күннен бері Қазақстанның біраз аймағынан менің атыма шұғыл және уақыт күттірмейтін мәселе көтерген бірнеше өтініш келіп түсті. Алматы, Семей, Түркістан, Шымкент және басқа да өңірлердің журналистік ұжымдары дабыл қаққан бұл мәселенің мән-жайы мынадай (қаз-қалпында):
«Соңғы уақытта «Қазпошта» АҚ тарапынан көрсетілетін қағаз газеттерге қатысты қызмет ақыларының бірнеше есе өсірілуі республикалық тәуелсіз басылымдармен қатар, аймақтық, облыстық және аудандық газет редакцияларының алаңдаушылығын туғызып, оларға банкрот болу қатерін төндіруде. Атап айтқанда, биылғы жылдың шілде айында пошта арқылы мерзімді басылымдарды тарату қызметінің ақысы 1000 пайызға дейін артқан болатын. Бұл өзгеріс баспасөз ұжымдары үшін қатты соққы болып, өңірлік және аудандық газеттердің қаржылық жағдайына ауыр тиді. Ал жуырда баспасөзге жазылу қызметі үшін бұрынғы 17 пайыздық мөлшерлеме бірден 41,76 пайызға дейін көтерілгені жөнінде хабарлама алдық. Бұл шешім редакциялар мен журналистер қауымы үшін күтпеген және ауыр соққы болып отыр.
Салыстырмалы түрде айтайын. Мысалы, апталық газеттің орта есеппен 8 мың теңгелік жазылу ақысының 3 мың 200 теңгесі «Қазпоштаның» тарату шығынына жұмсалады; 3 мың теңгеге жуығы қағаз бен баспахана шығынына кетеді; 1 мың теңгеге жуығы кеңсе жалдауға, көлік және байланыс (интернет) қажеттілігін өтейді. Сонда қалған 1 мың теңге ғана редакция қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады. Бұл жағдайда қағаз үлгісінде шығатын газеттерді сақтап қалу мүмкін емес!
Осыған байланысты төмендегі сұрақтарымызды жолдаймыз:
1. Ақпарат құралдарымен жасалатын келісімшарттар неге тек бір тараптың – «Қазпоштаның» мүддесін қорғайды? Бұл «Қазпоштаның» мүддесін көздеген көпе-көрнеу монополиялық жағдай емес пе?
2. Қызмет ақысының көтерілуі туралы шешім не-ге алдын ала ескертілмейді және БАҚ өкілдерімен талқыланбайды?
3. Көптеген өңірде мерзімді басылымдар оқырманның қолына уақытылы жетпей жатады. Бұл үшін министрлік тарапынан «Қазпошта» компаниясының жауапкершілігін арттыру мақсатында неге талаптар қойылмайды?
4. Салалық министрліктің есіне салайық: редакциялар жазылудан түскен қаражатты бірден алу мүмкіндігінен айырылған. Ақша тоқсан сайын бөліп беріледі. Осы қаражат «Қазпоштаның» есепшотында жатқан кезеңде кімнің мүддесіне қызмет етеді?
Бұл сауалдар – бір ғана басылымның емес, бүкіл республикалық және өңірлік қағаз үлгісіндегі газеттер шығаратын бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ мәселесі».
Бұл мәселені мен Аида Балаеваның өзіне жеке жолығып, журналистер қауымының арыз-арманы ретінде тікелей өзіне айтуыма болар еді. Бірақ жағдайдың күрделілігі сол – бұл проблеманы бір министрлік шеңберінде шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қазпоштаның» баса-көктеген монополиялық қызметіне қатысты мәселе ел Премьер-министрі Олжас Бектенов мырзаның, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы басшылығының да құлағына жетсін деп, бұл депутаттық сауалды жария түрде жолдап отырмын.
Бәріміздің есімізде болуы керек және бірлесіп шешіуіміз тиіс бір маңызды мәселе бар: Мәдениет және ақпарат министрлігі мен әр деңгейдегі әкімдіктер мемлекеттік ақпарат тапсырысына (госинформзаказ) жалпы жиыны миллиардтаған теңге қаржы жұмсайды. Бірақ осы миллиардтардың тең жартысына жуығын «Қазпошта» ұлттық компаниясы сыпырып алатын болса, бұл мемлекеттік саясаттың логикалық қисыны қандай болмақ? Тек «Қазпоштаны» қаржыландыру үшін ғана ма? Ал ел Президенті мен мемлекеттің саясатын насихаттау мәселесі қайда қалмақ? Біз неге бір компанияның қаржылық жағдайы үшін ұлттық саясатты құрбан етуіміз керек?!
Сондықтан көтерілген мәселелерге түсініктеме беріп, БАҚ редакцияларына жария түрде және ақылға сыйымды жауап берулеріңізді сұраймын. Әйтпесе әртүрлі деңгейде газеттер шығаратын редакциялар басшылығы Түркістан қаласына жиналып, ел Президенті атына Ашық хат жолдауға дайындалып жатқанын сіздердің естеріңізге саламын.

Ермұрат БАПИ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Другие новости

Диалог о главных переменах

Диалог о главных переменах

Состоялась рабочая встреча заместителя председател...

  06.02.2026   72
Расширенное заседание Политического совета  партии «Ауыл»

Расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председ...

  06.02.2026   86
41 колледж и 22 тысячи студентов: в Алматинской области подвели итоги года рабочих профессий

41 колледж и 22 тысячи студентов: в Алматинской области подвели итоги года рабочих профессий

В Алматинской области состоялось торжественное мер...

  06.02.2026   98
Регион в цифрах: Алматинская область показала качественный рост и оказалась в лидерах по развитию

Регион в цифрах: Алматинская область показала качественный рост и оказалась в лидерах по развитию

Алматинская область вошла в первую группу лидеров...

  06.02.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.