Четверг, 05 Марта 2026

Алматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті

Алматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті

Алматы облысының экономикалық өсімі күшейіп, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Өңір әкімінің сөзінше, Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері өңір барлық негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге ұлғайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса ал 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,8%-ға жетті.

«Ірі өнеркәсіптік облыстарды озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болды. Барлық негізгі салада оң үрдіс сақталып отыр», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Пресс-служба акима Алматинской области.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   69
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   70
Голос молодого поколения

Голос молодого поколения

15 марта для восемнадцатилетней жительницы Илийско...

  05.03.2026   124
Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.