Вторник, 04 Августа 2026

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Беріктас жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Меруерт Молдашева бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Другие новости

Особый режим для роста

Особый режим для роста

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  04.08.2026   88
Казахстанец не может быть изгнан

Казахстанец не может быть изгнан

Новая Конституция закрепляет, что гражданство Каза...

  04.08.2026   83
Предприниматель под защитой закона

Предприниматель под защитой закона

Новая Конституция гарантирует свободу предпринимат...

  04.08.2026   87
Служить государству по закону

Служить государству по закону

Новая Конституция закрепляет равное право граждан...

  04.08.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.