Четверг, 16 Апреля 2026

Қонаев пен Алатау жаңа экономикалық және инновациялық даму кезеңіне қадам басты – Cұлтанғазиев

Қонаев пен Алатау жаңа экономикалық және инновациялық даму кезеңіне қадам басты – Cұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қорытындылап, назарды Қонаев пен Алатау қалаларына аударды.

Әкімнің айтуынша, Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы енгізілген. Қалада қоғамдық бейнебақылау камералары, iQonaev электрондық жүйесі, жолақы төлеу жүйесі және Біріңғай төлем құжаты іске асырылған.

Инфрақұрылымды жаңарту аясында Қонаевта 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр беру желісі және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар қаладағы 65 нысан абаттандырылған. №5 қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-орынды иемденді.

Ал Алатау қаласы 88 мың гектар аумақты қамтитын және 54,2 мың тұрғынға қызмет көрсететін дербес әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды. Үкімет қаланың 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітіп, 12 негізгі өсу нүктесін анықтаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алатау қаласына арнайы мәртебе берілу өңірді жаңа, қарқынды даму кезеңіне шығарды.

Бұл мақсатта Алатау қаласын дамыту жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізілді. Одан әрі Президент Жарлығына сәйкес, қаланы дамыту жөніндегі Кеңес жасақталды, оны Премьер-министр басқарады. Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Инвестициялық бағыт бойынша Алатау қаласында жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 42 жоба іске асырылды. Олардың қатарында PepsiCo, Mars, «Молочная долина», QazQon Hub тағы басқалары бар.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік, экономикалық дамуы айқын нәтижелерге жетіп отыр. Әр сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, түйінді мәселелер кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.

Другие новости

Регион бьет точно в цель

Регион бьет точно в цель

Алматинская область уверенно входит в число ключев...

  15.04.2026   161
Путь в управленческую  элиту

Путь в управленческую элиту

С 1 апреля официально стартовал прием документов в...

  13.04.2026   313
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   297
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   326
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.