Четверг, 15 Октября 2026

Ерлан Қарин: «Жалпы саны, конституциялық реформаға қатысты 7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз ұсыныстарын жіберді»

Ерлан Қарин: «Жалпы саны, конституциялық реформаға қатысты  7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз ұсыныстарын жіберді»

Ал, е-Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 600-ден астам ұсыныс түсті.

20 қарашада Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Президент азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен түсетін ұсыныстардың барлығын жан-жақты зерделеуді тапсырды. 

2 желтоқсанда Жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиында жаңа Парламенттің құрамына қатысты мәселелер қарастырылды. 
Атап айтқанда, бір палаталы Парламенттің өкілеттік мерзімі, депутаттар саны, квоталар және сайлау тәртібі талқыланды.    

29 желтоқсанда Жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Онда болашақ Парламенттегі заң шығару үдерісінің негізгі бағыттары талқыланды.

6 қаңтарда Мемлекет басшысы Парламенттік реформа туралы арнайы жұмыс кеңесін өткізді. Жұмыс тобына конституциялық реформаға қатысты негізгі ұстанымдарды әзірлеуді тапсырды.

9 қаңтарда Жұмыс тобының кезекті төртінші отырысы ұйымдастырылды. Онда болашақ Парламенттің басқа билік институттарымен өзара іс-қимылына және бір палаталы Парламенттің атауына қатысты ұсыныстар талқыланды.

12 қаңтарда Мемлекет басшысы Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Президент конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды деп нақты айтты.

15 қаңтарда Жұмыс тобының бесінші отырысы ұйымдастырылды. Онда жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі құзыреті талқыланды.

19 қаңтарда, яғни, осы аптаның басында Жұмыс тобының алтыншы, қорытынды отырысы өтті. Оған Мемлекет басшысы өзі қатысты.  Жұмыс тобының мүшелері Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ортақ ұстанымдарды таныстырды. Президент бұл ұстанымдарға қолдау білдіріп, көп ұзамай қосымша өз ойларын да ортаға салатынын айтты.

Осылайша, Жұмыс тобы жарты жыл бойы  белсенді жұмыс істеп, Парламенттік реформаға қатысты мәселелерді 6 отырыста жан-жақты талқылады.

Осы орайда, Парламенттік реформа туралы Жұмыс тобының барлық мүшелеріне белсенді қызметтері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Другие новости

Бюджет района под вниманием депутатов

Бюджет района под вниманием депутатов

Новая Конституция определяет маслихаты как местные...

  15.10.2026   84
Право говорить и обязанность думать

Право говорить и обязанность думать

Новая Конституция гарантирует свободу слова, творч...

  15.10.2026   91
Дети, родители и государственная защита

Дети, родители и государственная защита

Новая Конституция закрепляет защиту брака и семьи,...

  15.10.2026   88
Конституция о природе и будущем

Конституция о природе и будущем

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  15.10.2026   93
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.