Понедельник, 13 Апреля 2026

Серік Егізбаев Конституциялық реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді

Серік Егізбаев Конституциялық реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді.
Ең алдымен, депутаттың пікірінше, жаңа конституциялық редакцияға сәйкес, Құрылтайдың заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілгені – бұл заң шығару процесіндегі артық бюрократияны, палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды және халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.
«Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Бұл дегеніміз - Құрылтай жай ғана заң қабылдаушы мекеме емес, ол - халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, егемендігіміздің символына айналатын ең жоғары легитимді орган деген сөз. Билікке ешкімнің қол сұғуына жол бермейтін бұл конституциялық норма - мемлекеттілігіміздің мызғымас кепілі. Құрылтай заңның жобалануынан бастап оның қабылданып, күшіне енуіне дейін - басынан аяғына дейін толық жауапкершілікті өз мойнына алады», – деді ол.
Сонымен қатар, Серік Егізбаевтың пікірінше, партиялық тізім - кәсібилік пен саяси мәдениеттің кепілі.
«Стратегиялық маңызы бар тағы бір шешім - Құрылтайдың пропорционалды негізде, яғни партиялық тізімдер арқылы жасақталуы. Бұл - еліміздің саяси мәдениетін мүлдем жаңа биікке көтереді. Партиялық тізім – Құрылтайдың интеллектуалдық әлеуетін қамтамасыз ететін негізгі тетік. Бұл жүйе арқылы біз Парламентке қоғамның барлық тобын, әсіресе ауыл мамандарын, білімді жастар мен белсенді әйелдерді тартамыз», – деп айтты Мәжіліс депутаты. 
Ал Халық Кеңесіне келгенде ол бұл органның құзыреті бұрынғы Қазақстан халқы Ассамблеясы ие болған мүмкіндіктерден әлдеқайда кең және пәрменді екенін жеткізді.
«Халық Кеңесінің функциялары енді уақытша ережелер немесе жарлықтар емес, Ата Заңның ажырамас бөлігіне айналды. Олар - мызғымас, ешкімнің еркімен өзгермейтін, конституциялық тұрғыдан қорғалған құқықтар. Бұл - Халық Кеңесінің мемлекеттік иерархиядағы орнын бекемдейді. Халық Кеңесі- Құрылтайға тікелей заң жобаларын енгізуге және ең маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша референдум бастамасын көтеруге құқылы. «Ауыл» партиясы халық жүктеген осы тарихи реформаларды жүзеге асыру үшін өзінің барлық кәсіби әлеуетін жұмсауға дайын. Біз ауылдағы ағайынның сеніміне адал болып, ел үмітін іспен ақтауды басты борышымыз деп білеміз», – деп, ол өз сөзін қорытындылады.

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» АТТЫ ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙ...

  12.04.2026   185
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  12.04.2026   223
Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   311
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   338
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.