Понедельник, 06 Апреля 2026

Ел сенімін нығайтады

Ел сенімін нығайтады

Біз, аналар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын елдің болашағына бағытталған маңызды әрі стратегиялық қадам деп бағалаймыз. 
Ата Заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге, Парламенттің рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер елдегі демократиялық үдерістердің дамуына, ашықтық пен жауапкершіліктің артуына жол ашады деп сенеміз. Сонымен қатар, Конституция жобасында азаматтардың, соның ішінде әйелдер мен аналардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және азаматтық қоғам институттарын қолдауға ерекше мән берілген. Бұл халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, болашаққа деген сенімді ұштайды.
Аналар қауымы үшін ең басты құндылық - бейбітшілік, тұрақтылық және ұрпақтың қауіпсіз болашағы. Осы тұрғыда жаңа Конституция мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжат деп есептейміз.
Біз бұл конституциялық реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға және азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға берік негіз қалайды деп сенеміз.

Мейрамкуль ЖАБИЕВА, 
Іле аудандық аналар кеңесінің төрағасы 

Другие новости

В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В городе Каскелене, на территории инновационного к...

  06.04.2026   252
Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство Республики Казахстан утвердило План...

  06.04.2026   151
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 на...

  06.04.2026   144
Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК веде...

  04.04.2026   283
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.