Понедельник, 09 Февраля 2026

«Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді

«Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.
Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.
«Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының аясында ғана қалмауы мен үшін аса маңызды болды», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Өңірлерде және еңбек ұжымдарында өткен талқылаулар барысында адал еңбек етіп жүрген адамдардың күнделікті өміріне тікелей қатысты мәселелер көтерілген.
«Талқылау азаматтармен бетпе-бет, кейде қызу пікірталас түрінде, бірақ шынайы әңгіме сипатында өтті. Адамдар еңбек қауіпсіздігі, балаларының болашағы туралы айтты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады. Себебі ол көп жағдайда біз еңбек адамдарынан естіп отырған ой-пікірлермен сәйкес келді», – деп толықтырды спикер.
Өз сөзінде ол әлеуметтік мемлекет қағидатына және адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне де назар аударды. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының пікірінше, бұл – мемлекеттік шешімдер үшін негізгі бағдар.
«Алғашқы баптың өзінде-ақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары аталады. Жалдамалы жұмыскер үшін бұл – аса маңызды белгі. Мемлекет енді сандар мен есептердің айналасында емес, еңбек етіп, өнім өндіретін, еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар айналасында құрылады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Еңбек құқықтары туралы айта келе, Сатыбалды Дәулеталин экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыспен қамту саласына және еңбек жағдайларына мемлекет жауапкершілігінің сапалық тұрғыдан өзгергеніне тоқталды.
«Еңбек адамның жеке тәуекелі ретінде емес, лайықты өмірдің негізі ретінде мойындалады. Тағы бір маңызды бағыт – ынтымақтастық қағидаты. Мұнда ол өзінің нағыз шынайы мәніне қайта оралады. Бұл – мемлекет, бизнес және еңбек арасындағы ынтымақтастық. Тәуекелді жұмыскердің мойнына іле салу емес. Біржақты жауапкершілік те емес. Бұл – мемлекет белсенді қатысушы  бола отырып, адамдардың тұрмыс жағдайына жауапкершілік алатын мүдделердің әділ теңгерімі. Жұмысшы үшін бұл, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенім», – деп мәлімдеді спикер.
Сөз соңында Сатыбалды Дәулеталин ауызбіршілік пен қоғамның бір кісідей атсалысуы тұрақты дамудың негізгі тетігі екенін тағы еске салды. Сондай-ақ, Конституциялық комиссия мүшелеріне ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс айтты.

Другие новости

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының қолдауына ие болды

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының қолдауына ие болды

2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханад...

  09.02.2026   54
Проект новой Конституции Казахстана получил одобрение Международной ассоциации юристов

Проект новой Конституции Казахстана получил одобрение Международной ассоциации юристов

9 февраля 2026 года в Национальной академической б...

  09.02.2026   75
Общество как движущая сила конституционной реформы

Общество как движущая сила конституционной реформы

Сегодня в Казахстане активно обсуждается Проект Ко...

  09.02.2026   67
Тандем ученых и аграриев

Тандем ученых и аграриев

Особая ценность отечественной аграрной науки заклю...

  09.02.2026   78
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.