Воскресенье, 29 Марта 2026

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Өз сөзінде спикер бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.
«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін, мемлекеттік басқарудың бағыт-бағдарын айқындайтын жаңа Конституциямызды халықтың шешіміне ұсынғалы отырмыз», – деді ол.
Серік Егізбаевтың сөзінше, құжаттың негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр.
Мұнымен қоса, спикер «Ауыл» партиясының тарапынан республика өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін жеткізді.
«Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып, елдің пікірі толық ескерілді», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы.
Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерді құр заңнамалық түзетулер ретінде емес, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне нақты ықпал ететін өмірлік маңызы бар қадамдар деп қабылдауда. Кездесулер барысында азаматтар бұл бастаманың тағдырын халықтың өзі айқындауы қажет деген ортақ ұстаным білдіріп, құжатты жалпыхалықтық шешім арқылы бекітудің маңызы ерекше екенін атап өткен.
«Осы орайда маңызды бір жайтты айтқым келеді: кездесулерде барлық азаматтар бір ауыздан: «Бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» деген пікірді жиі айтты. Сондықтан, Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын. Барлық отандастырымызды жаңа Конституциямызды қолдауға шақырамын!», – деп қорытындылады сөзін Серік Егізбаев.

Другие новости

Яркие грани Наурыза

Яркие грани Наурыза

В этом году Наурыз в Алматинской области развернул...

  27.03.2026   204
Ключи от новой жизни

Ключи от новой жизни

22 семьи в дни Наурыза обрели то, чего ждали годам...

  27.03.2026   203
Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

В Шымкенте главы правительств стран-участниц и гос...

  27.03.2026   195
Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы...

  27.03.2026   168
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.