Четверг, 01 Октября 2026

Жаңа Конституция: өзгерістердің мəні: бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Жаңа Конституция: өзгерістердің мəні: бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.

«Ток-шоу»  және «Сараптау: бұрын және қазір» алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік» тақырыптары бойынша пікір алмасып,  конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамаған отандастарымыздың жолдаған ұсыныстарының Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны туралы айтылып, халықтың тілегі ескерілген құжаттың жаңа жобасы таныстырылады.

Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформалары арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.
 

Другие новости

Определены ключевые задачи региона

Определены ключевые задачи региона

Очередная 56-я сессия областного маслихата состоял...

  30.09.2026   134
Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   119
В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   191
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   149
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.