Воскресенье, 05 Апреля 2026

Коалиция мүшелері Үмбетәлі ауыл тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Үмбетәлі ауыл тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі ауылының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Ықылас Амалбек бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК веде...

  04.04.2026   104
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары о...

  04.04.2026   99
Команда больших перемен

Команда больших перемен

Под эгидой Алматинского областного филиала партии...

  03.04.2026   210
Перспективы сельского развития

Перспективы сельского развития

Самые острые вопросы в аграрной повестке сегодня -...

  03.04.2026   199
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.