Понедельник, 06 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы аудандық кітапхана ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Мухит Бахытович.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В городе Каскелене, на территории инновационного к...

  06.04.2026   267
Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство Республики Казахстан утвердило План...

  06.04.2026   159
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 на...

  06.04.2026   151
Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК веде...

  04.04.2026   283
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.