Пятница, 20 Февраля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КЕҢДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КЕҢДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы Кеңдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Даурбаева Александра реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

В Алматинской области состоялся диалог с молодёжью о новой Конституции

В Алматинской области состоялся диалог с молодёжью о новой Конституции

В городе Қонаев состоялась встреча с молодёжью на...

  20.02.2026   65
Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал елді мекенінде өтке...

  20.02.2026   70
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ “KIMEX” ЖШС-Ң  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ “KIMEX” ЖШС-Ң ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  20.02.2026   77
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «АҚҚУ АЛАТАУ» ЖШС-Ң ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «АҚҚУ АЛАТАУ» ЖШС-Ң ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  20.02.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.