Воскресенье, 12 Апреля 2026

ІЛЕДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА АРНАЛҒАН «РЕФЕРЕНДУМ-2026» ӘР СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ІЛЕДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА АРНАЛҒАН «РЕФЕРЕНДУМ-2026» ӘР СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелерінің қатысумен «РЕФЕРЕНДУМ – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» әр спорт түрлері бойынша спартакиада өтті. Спартакиада спорттың үш түрінен өтті - волейбол, баскетбол және ұлттық ойын тоғызқұмалақ.
Аудан орталығында өткен іс-шараға әртүрлі жастағы 100-ден астам адам қатысты. Жарыс атмосферасы бірлік рухына, өзара қолдауға және елдегі тағдыршешті үдерістерге белсенді қатысудың маңызын терең түсінуге бағытталды.

Коалиция мүшесі Айдар Абдрахмановтың айтуынша, мұндай іс-шара спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, адамдарды жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде топтастырады.

«Бұл спорттық челлендж — азаматтық белсенділіктің ортақ құндылықтар төңірегінде адамдарды біріктіретінінің нақты дәлелі. Әртүрлі буын өкілдерінің бір уақытта стартқа шығу арқылы оң өзгерістерді қолдап, ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезінетінін айқындайды», - деді ол.

Өзге де ұйымдастырушылар спорттың ауызбіршілікті нығайтудың тиімді алаңы екенін атап өтті. Олар алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табатынына сенім білдірді. Енді қатысушылар қатарын көбейту және спорт пен азаматтық белсенділікті ұштастыру дәстүрін нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру жоспарланып отыр.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Кадры для новой эпохи

Кадры для новой эпохи

В выступлении Президента страны прозвучала мысль о...

  11.04.2026   212
Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Жизненно важный принцип и проверенная временем идеология

Проведенная Президентом Казахстана Касым-Жомартом...

  11.04.2026   220
Статус научных знаний вырос

Статус научных знаний вырос

Новая Конституция впервые прямо закрепила то, о че...

  10.04.2026   232
Реальный фактор развития страны

Реальный фактор развития страны

В выступлении Главы государства Касым-Жомарта Тока...

  10.04.2026   229
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.